12.11.2012, 10:17 2987

ҚР премьері РФ жұмыс сапары барысында индустриялдық-инновациялық саладағы ынтымақтастық мәселесін талқылайды

Бағдарламада Премьер-Министрдің Ресей Федерациясының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Астана. 12-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен мәлім етті.

Бұл Серік Ахметовтің Үкімет басшысы ретіндегі Ресейге бірінші сапары.

Бағдарламада Премьер-Министрдің Ресей Федерациясының басшылығымен кездесулері жоспарланған.

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық саладағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту, сондай-ақ индустриалық-инновациялық сектордағы қазақстан-ресей өзара ықпалдастығын кеңейту мәселелері талқыланады.

Премьер-Министр "Сколково" ғылыми қалашығында болып, инновациялық жобалармен танысып, жаңа технологияларды коммерцияландыру мен әзірлеу орталығы даму қорының басшыларымен кездесетін болады.

Үкімет басшысы жұмыс сапары барысында "Навигациялық-ақпараттық жүйелер" АҚ-ға болып, "ЭРА-ГЛОНАСС" апат кезінде шұғыл әрекет ету жүйесінің таныстырылымына қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны