23.01.2013, 12:09 3106

ҚР премьер-министрі Ақмола облысының жаңа әкімі Қосман Айтмұхаметовты таныстырды

С.Ахметов Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, депутаттарға өңір басшысы қызметіне Қ.Айтмұхаметовты ұсыну туралы Елбасының хатын оқып берді. Депутаттар Елбасы кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР премьер-министрі Серік Ахметов Ақмола облысының жаңа әкімі Қосман Айтмұхаметовты таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С.Ахметов Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысып, депутаттарға өңір басшысы қызметіне Қ.Айтмұхаметовты ұсыну туралы Елбасының хатын оқып берді. Депутаттар Елбасы кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Сессиядан соң Үкімет Басшысы облыс активіне жаңа әкімді таныстырды.

"Қосман Қайыртайұлын сіздер жақсы білесіздер. Осы өңірдің тумасы, еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған ол басшылық қызметтерде де жемісті жұмыс істеді. Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды", деді С.Ахметов.

Премьер-Министр сонымен қатар, облыстың бұрынғы әкімі Қайрат Қожамжаровқа атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді. Оның басшылығымен облысты әлеуметтік-экономикалық дамытуда едәуір көрсеткішке қол жетіп, ауыл шаруашылығына қолдау, шағын және орта бизнесті, туризм саласын дамыту бойынша үлкен жұмыстар жүргізілгенін атап өтті.

Өз кезегінде, Қ.Қожамжаров өзіне көрсеткен үлкен сенімі үшін Президентке алғысын білдірді.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қ.Қожамжаровтың ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалғаны белгілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны