14.09.2016, 09:46 1955

ҚР Премьер-Министрі елімізде жұмыспен қамтуға ынталандыру мәселесі бойынша ұсыныстарды енгізуді ұсынды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтіӊ отырысы барысында ҰЭМ мен ДСИДМ-ге елімізде жұмыспен қамтуға ынталандыру шараларын шешу бойынша ұсыныстарды енгізуге тапсырма берді.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтіӊ отырысы барысында ҰЭМ мен ДСИДМ-ге елімізде жұмыспен қамтуға ынталандыру шараларын шешу бойынша ұсыныстарды енгізуге тапсырма берді.

"Мемлекет басшысы жұмыспен қамту мәселесінде ЖҚЖК-2020 мен БЖК-2020 бағдарламаларыныӊ оӊтайлы іске асып жатқандығын атап өтті, одан әрі кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жетілдіру міндеті қойылды. Осыған орай, ҰЭМ мен ДСИДМ-ге бірге мүдделі меморгандармен көрсетілген бағдарлама аясында жұмыспен қамтуға ынталандыру шараларын шешу бойынша ұсыныстарды енгізуге тапсырма беремін. Сонымен қатар, шағын несие құралдарына, сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін де ерекше көӊіл бөлу керек",-деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев ДСИДМ-ге әкімдермен бірге азаматтарды еӊбек мобильділігімен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды жасауға тапсырма берді.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы БҒМ "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" жобасын уақытында іске асыру бойынша шаралар қабылдауға тапсырма берді.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметініӊ отырысы барысында Инвестициялар және даму министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне әкімдермен бірге "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды дамыту бойынша басталған жобаларды іске асыруды жеделдету бойынша тиісті шараларды қабылдауға тапсырма берді.

"Мемлекет басшысы "Нұрлы жол" бойынша бюджеттік қаражатты тиімді және уақытылы игеруді қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен қатар, барлық инфрақұрылым нысандары бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылған. Инвестициялар және даму министрлігіне Ұлттық экономика министрлігі және әкімдермен бірге инфрақұрылымды дамыту бойынша басталған жобаларды іске асыруды жеделдету бойынша тиісті шараларды қабылдауға тапсырма беремін",-деді Премьер-Министр.

Үкімет жоспарланған тәртіпте Мемлекет басшысыныӊ "Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды" міндетті түрде іске асыруды жалғастыру керек, деп Үкіметтіӊ отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

"Біз міндетті түрде Мемлекет басшысыныӊ барлық тапсырмаларын нақты және жедел түрде атқаруымыз керек. Сонымен қатар, Парламент депутаттарымен сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету керек. Жаӊа бюджеттіӊ жобасы Парламентке кіргізілді",-деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министрдіӊ айтуы бойынша, жоспарланған тәртіпте "Ұлт жоспары -100 нақты қадамды" міндетті түрде іске асыруды жалғастыру керек.

"Біздіӊ негізгі тапсырмамыз- бұл тұрғындардыӊ өмір деӊгейін арттыру",-деді ол.

ҚР Үкіметініӊ отырысы барысында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану мәселелері қаралды

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу, көтерме тарату орталықтарыныӊ дамуы мен өнімдерді сақтау жүйелерініӊ мәселелерін жеке блокқа белгіледі.

"Ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеу, көтерме тарату орталықтарыныӊ дамуы мен өнімдерді сақтау жүйелерініӊ мәселелері жеке блокқа белгіленді. Асқар Исабекұлы, сізге аталмыш инфрақұрылыммен қаншалықты қамтылғандығымызды білуге тапсырма беремін және ҰЭМ, әкімдіктермен бірге тиісті шаралар қабылдаӊыздар",-деді ҚР Премьер-Министрі.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық экономика министрлігіне аймақ әкімдерімен бірге баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға тапсырма берді.

"Еліміздіӊ Президенті жылдыӊ соӊына дейін бір санға дейін инфляцияныӊ деӊгейін төмендетуге тапсырма берді. Ұлттық экономика министрлігіне аймақ әкімдерімен бірге баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға тапсырма беремін. Ұлттық экономика министрлігіне бюджетаралық қарым-қатынастарды жақсарту үшін дәйекті ұсыныс жасауға тапсырма беремін",-деді Б.Сағынтаев.

ҚР Премьер-Министрі сөз барысында Ұлттық банкке Үкіметпен бірге ұзақ мерзімді кредиттік белсенділікті қалпына келтіру бойынша қосымша шараларды қабылдау тапсырмасы берілгендігін айтып өтті.

Премьер-Министр ҚМ мен ҰЭМ-ді мүлікті түгендеу мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қаржы минитстрлігі мен Ұлттық экономика министрлігіне инвентаризация мәселесіне жауапкершілікпен қарауға тапсырма берді.

"Барлық меморгандар ведомствоаралық ұйымдарды қайта түгендеуден өткізу керек. Кеӊейтілген отырыста Мемлекет басшысы бүгінгі күні 11 министрлікте 371 ведомствоаралық ұйымдар бар екендігін айтып өтті. Олардыӊ барлығыныӊ қажеттілігі бар ма?",-деді ол.

Б.Сағынтаев сөз барысында, тек олардыӊ әкімшілік шығындарына өткен жылы 119 млр теӊге жұмсалғандығын айтып өтті.

"Бұл тек орталық меморгандар бойынша ғана, ал әкімдіктердіӊ коммуналдық меншігінде 6,5 мыӊнан астам ұйым бар. Сонымен қатар, жекешелендірудіӊ кешендік жоспарына республикалық және коммуналдық меншіктіӊ 416 нысаны ғана енгізілді",-деді Премьер-Министр.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіне сапалы инвестициялық жобаларды таӊдауға және ҚХР келісімдерініӊ іске асырылуын бақылауда ұстауға тапсырма берді.

"Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктіӊ жұмысын саланыӊ экспорттық әлеуетін кеӊейтуге нысандауда. Осыған орай, Инвестициялар және даму министрлігі мен әкімдерге сапалы инвестициялық жобаларды таӊдауға тапсырма беремін",-деді Премьер-Министр.

Б.Сағынтаев ҰЭМ-ге тұрғын үй құрылысы бойынша "Нұрлы жер" бірыӊғай бағдарламасын дайындауға тапсырма берді

ҚР Премьер-Минитсрі Бақытжан Сағынтаев ҰЭМ-ге әкімдермен және мүдделі меморгандармен бірге тұрғын үй құрылысы бойынша "Нұрлы жер" атты бірыӊғай бағдарламасын дайындауға тапсырма берді.

"Елбасы халықты баспанамен қамтамасыз етуге кешенді қадам жасауды жүктеп отыр. Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігіне облыс әкімдерімен, мүдделі мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялармен бірлесе отырып, "Нұрлы жер" бірыӊғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Аталған бағдарламаға қолданыстағы бағдарламалардағы баспанаға қатысты мәселелердіӊ барлығы шоғырлануы шарт", - деді Б. Сағынтаев.

Бұл ретте Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қолданыста бар жер қорына тиісті сараптама жүргізуді, ал өӊір әкімдеріне бас жоспарларыныӊ өзгеруіне қатысты тиісті ұсыныстар жолдауды тапсырды.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл жаӊа бағдарламаныӊ әлеуметтік маӊыздылығы жоғары екенін, сондықтан да оны халықпен, бизнес өкілдерімен және қоғаммен тиянақты талқылаудыӊ керектігін атап айтқан болатын. Мемлекет басшысыныӊ тағы бір тапсырмасы ағымдағы жылғы бюджетті нақтылау. Бұл ретте, Елбасыныӊ тапсырмаларын жүзеге асыру үшін бюджетте тиісті қаржы шығындарыныӊ алдағы үш жылдық бюджетте қамтамасыз етілуін қадағалау қажет", - деді Б. Сағынтаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны