20.11.2012, 13:00 1569

ҚР Премьер-Министрі Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа төрағасымен кездесті

Иңгіме барысында С.Ахметов, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері кәсіпорындарының және жалпы экономикаларының бәсекеге қабілеттіліктерін арттырудың бірегей мүмкіндігі екенін атап көрсетті.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - Кеше ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа төрағасы Виктор Христенкомен кездесті. Тараптар Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті құру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Иңгіме барысында С.Ахметов, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік - Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері кәсіпорындарының және жалпы экономикаларының бәсекеге қабілеттіліктерін арттырудың бірегей мүмкіндігі екенін атап көрсетті.

В.Христенко өз кезегінде, Кеден одағының жұмысын үйлестіру үшін ДСҰ нормаларын, Қазақстан, Ресей және Беларусь заңнамаларының үздік тәжірибелерін қолдану керек екенін атап көрсетті. Ықпалдастық бірлестік жұмысының нәтижелі болуы да осыған байланысты, деп санайды Еуразиялық экономикалық комиссиясының Алқа төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны