17.01.2014, 19:19 3096

ҚР Премьер-Министрі ХЭА атқарушы директорын ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындығына қатысуға шақырды

"Кездесу барысында ҚР мен ХЭА-ның энергетикалық, энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды іске асырудағы, жасыл технологияларды енгізудегі одан арғы іс-қимыл перспективалары талқыланды", - делінген хабарламада.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) атқарушы директоры Мария ван дер Ховенді қабылдады, деп Үкіметтің баспасөз қызметі.

"Кездесу барысында ҚР мен ХЭА-ның энергетикалық сферадағы, энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды іске асырудағы, жасыл технологияларды енгізудегі одан арғы іс-қимыл перспективалары талқыланды", - делінген хабарламада.

С.Ахметов пен М.Ховен сондай-ақ ғаламдық энергетикалық рыноктағы ағымдағы жағдайлар туралы пікір алмасты.

Үкімет басшысы ХЭА- ның бас тақырыбы болашақтың энергиясы болып табылатын, ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға қатысуы мәселесі туралы айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны