25.12.2008, 18:18 3130

ҚР премьер-министрі хризотил-асбестті пайдалану және өндіру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді

ҚР премьер-министрі хризотил-асбестті пайдалану және өндіру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов хризотил-асбестті пайдалану және өндіру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеңеске министрліктер басшылары мен Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагин, Қазақстан Кәсіподақтары Федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев және "Қостанай минералдары" АҚ өкілдері қатысты.

Кеңес жұмысында хризотил өндіруші өнеркәсіптің еліміздің әлеуметтік - экономикалық дамуындағы айырықша маңызы, сондай-ақ оны өндіру мен пайдалану мәселесін халықаралық ұйымдарда кеңінен қозғау қажеттілігі атап өтілді. Сонымен бірге, кеңеске қатысушылар өнеркәсіптің аталған бағытын дамыту асбестті (хризотилді) бақылай отырып, жауапты пайдалану жағдайында мүмкін екенін атап өтті.

Осыған байланысты "Қостанай минералдары" АҚ басшысы К.Жүсіпов премьер-министрді кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасын жүзеге асыру барысы, жұмыс тәртібінің өзгеруі және шығындарды оңтайландыру, жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайын жақсарту туралы хабардар етті.

Кеңес қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға халықаралық ұйымдарда хризотолды пайдалану және өндіру мәселелерін қолдауға қатысты бірқатар нақты шараларды іске асыруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны