12.06.2015, 14:18 3784

ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов "Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясыныӊ жаӊа басшысы И. Жақсыбековты таныстырды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына Мемлекет басшысыныӊ өкімімен тағайындалған жаӊа басқарма төрағасы - Астана әкімі Иділбек Жақсыбековты таныстырды, - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрініӊ баспасөз қызметінен

Астана. 12 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына Мемлекет басшысыныӊ өкімімен тағайындалған жаӊа басқарма төрағасы - Астана әкімі Иділбек Жақсыбековты таныстырды, - деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрініӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

И.Жақсыбеков 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданыныӊ Бөрілі ауылында туған.

1996 жылдан бастап 2004 жылға дейін Ақмола облысы әкімініӊ бірінші орынбасары, Астана әкімі, индустрия және сауда министрі қызметін атқарған.

2004-2008 жылдары - ҚР Президенті Икімшілігініӊ басшысы. 2008-2009 жылдары Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. 2009 жылы Қазақстан Республикасыныӊ қорғаныс министрі болып тағайындалды. 2014 жылы қазанда Елбасыныӊ Жарлығымен Астана қаласыныӊ әкімі қызметіне тағайындалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны