27.07.2015, 17:11 3331

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов экономика және банк секторыныӊ ағымдағы жағдайы мәселелері бойынша кеӊес өткізді

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов екінші деӊгейлі банк басшыларымен кеӊес өткізді

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов екінші деӊгейлі банк басшыларымен кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊес жұмысына сондай-ақ "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚҚҚ Кеӊесіӊніӊ төрағасы Асқар Елемесов, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев, мүдделі мемлекеттік органдар және ұлттық компаниялар өкілдері қатысты, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Кездесу қатысушылары экономика және банк секторыныӊ ағымдағы жағдайын талқылады. Атап айтқанда, экономиканыӊ нақты секторын және ШОБ-ті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша шаралар қаралды.

К.Мәсімов баса айтып өткендей, ү.ж. 1 тамызынан бастап республикалық бюджет комиссиясы өз жұмысын бастайды. Өткізілген кеӊестердіӊ және РБК жұмысыныӊ қорытындысы бойынша Мемлекет басшысына ағымдағы жылға және орташа мерзімді перспективаға экономикалық саясаттыӊ нақты шараларын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізіледі.

Экономиканыӊ нақты секторы өкілдерініӊ қатысуымен келесі кеӊес тамыздыӊ бірінші он күндігінде өткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны