22.02.2008, 14:53 3012

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

Павлодар. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында үкімет басшысы облыстың энергетикалық кәсіпорындарының жұмысымен танысады.

Атап айтсақ, . үкімет басшысы "Екібастұз 3-ші ГРЭС станциясын аралап, оны кеңейту мүмкіндіктерімен танысады. Сондай-ақ, кәсіпорынның ұжымымен кездеседі деп күтілуде. Бұдан бұрын хабарланғанындай, мемлекет басшысының тапсырмасымен, жақын уақытта 2-ші ГРЭС негізінде қуаттылығы 500 МВт №3 энергоблоктың құрылысы басталады. Оны іске қосу уақыты 2014 жылға межеленген.

Сондай-ақ, К. Мәсімов "АЕS Екібастұз" ( ГРЭС-1) жұмысымен танысып, "КЕGOK" АҚ "Солтүстік Жүйеаралық Электр Желілерінің" бөлімшесіне барып, элект қуатын тарату схемасы мен кәсіпорынның даму жолдармен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар, К. Мәсімов "Богатырь Аксес Көмір" ЖШС "Богатырь" разрезі мен №22 мектеп лицейіне барады.

Былтыр үкімет мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін "Богатырь" және "Солтүстік" көмір разрездерінің 50% активін мемлекеттік меншігіне қайтарған болатын . "Самұрық" Холдингі" мен UC RUSAL 2007 жылдың 29 қарашасында Қазақстан жағы "Богатырь және "Солтүстік" көмір разрездерінің 50% автивін иемдену арқылы бірлескен кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қойған.

Бұдан бұрын Екібастұз "Богатырь" және "Солтүстік" көмір бассейіндерін пайдалану құқығы UC Rusal, СУАЛ және GLENTOR активтерін біріктіру туралы келісім аясында американдық "Access Industries Inc." компаниясынан UC Rusal берілген болатын.

"Богатырь"разрезінде барланған көмір қоры 2,5 млрд тоннадан асса, "Солтүстік" разрезінде - 2,3 млрд тоннаға жетеді. Жалпы Екібастұз бессейніндегі геологиялық қор 12,5 млрд тоннаны құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны