23.04.2013, 14:11 2858

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейкті қабылдады

Кездесу барысында тараптар екіжақты байланыстарды дамытудың ауқымды мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісі Роберт Блейкті қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында тараптар екіжақты байланыстарды дамытудың ауқымды мәселелері, оның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

С.Ахметов атап өткендей, "1993 жылдан бері Қазақстанға 24 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестиция тартылды, 300-ден астам бірлескен кәсіпорындар құрылды". Оның сөзіне қарағанда, өзара тиімді іс-қимылды кеңейту үшін екі елдің әлеуеті жетерлік.

Өз кезегінде, Р.Блейк "ҚР мен АҚШ-та екіжақты қарым-қатынастың түрлі аспектілерін кеңейтіп, тереңдете түсуге мүмкіндіктер мол" дей келіп, ғылыми-техникалық саладағы, гуманитарлық әріптестік және технологияларды алмасудағы байланыстарды дамытуды жақтайтынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны