14.02.2013, 16:40 3066

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астананың бірқатар мәдени объектілерін аралады

Атап айтқанда, С.Ахметов "Астана опера" Мемлекеттік опера және балет театрын көрді. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры және Кітапханасы ғимаратының құрылысымен танысты. Бұл нысанның жалпы аумағы 30 мың. шаршы метрден астам.

Астана. 14-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Астана қаласының бірқатар нысандарын аралап, Мемлекет Басшысының елорданы дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, С.Ахметов "Астана опера" Мемлекеттік опера және балет театрын көрді. Сондай-ақ, ҚР Тұңғыш Президентінің Қоры және Кітапханасы ғимаратының құрылысымен танысты. Бұл нысанның жалпы аумағы 30 мың. шаршы метрден астам.

Үстіміздегі жылғы ақпан айына дейін құрылыс жұмыстарының 40%-ы атқарылған нысанда 500- ден астам адам еңбек етіп жатыр. Сыртқы көрінісі ерекше шар кейіпті ғимараттың авторы - әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны