02.05.2013, 18:27 3157

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Отырыс барысында Мемлекет басшысының елорданы одан әрі дамыту мен Астанада ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу бойынша кеңесте берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Көрменің тіркеу құжаттамалары жобасын дайындау туралы "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының төрағасы Т.Ермегияев баяндады. Сондай-ақ отырыста "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ жұмысының Тұжырымдамасы жобасы мақұлданды.

Астана. 2-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның отырысы болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Отырыс барысында Мемлекет басшысының елорданы одан әрі дамыту мен Астанада ЭКСПО-2017-ні дайындау мен өткізу бойынша кеңесте берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Көрменің тіркеу құжаттамалары жобасын дайындау туралы "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясының төрағасы Т.Ермегияев баяндады. Сондай-ақ отырыста "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ жұмысының Тұжырымдамасы жобасы мақұлданды.

Мемлекет басшысының ЭКСПО-2017-ге қатысты өзге мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау жайы туралы, С.Ахметов "Астана қаласы әкімшілігінің бекітілген тәртіппен инженерлік инфрақұрылымдардың техникалық жағдайына рұхсат беру, көлік логистикасын жоспарлау бойынша ақпарат және басқа да ақпараттар беруді қамтамасыз етуі" қажеттігін атап көрсетті.

Бұдан басқа, барлық мүдделі министрліктер мен ведмостволарға жоғарғы экономикалық тиімділікке қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар бойынша Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Ұлттық жоспарға толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар беру тапсырылды.

С.Ахметов "Барлық министрліктер, ведмостволар мен жергілікті атқарушы органдар үстіміздегі жылдың 1-ші қазанына дейін ЭКСПО-ға қатысу жоспарын дайындасын",-деп өкім етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны