20.11.2012, 17:24 3026

ҚР премьер-министрі Серік Ахметов Қазақстан-Шри-Ланка бизнес-форумының ашылуына қатысты

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумды ашқан Серік Ахметов екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудағы үлкен мүмкіндіктерін атап өтті. "Біз өз елдеріміздің әлеуетін барынша толық пайдалануымыз қажет. Ирі оған барлық мүмкіндіктер бар", - деді Үкімет басшысы.

Астана. 20-қараша. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрі Қазақстан-Шри-Ланка бизнес-форумының ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумды ашқан Серік Ахметов екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудағы үлкен мүмкіндіктерін атап өтті. "Біз өз елдеріміздің әлеуетін барынша толық пайдалануымыз қажет. Ирі оған барлық мүмкіндіктер бар", - деді Үкімет басшысы.

Серік Ахметов бірлескен ынтымақтастықтың бірнеше мүмкін бағыттарын көрсетіп берді. "Біз Шри-Ланканың кәсіпкерлеріне Қазақстанның перспективалық жобаларымен танысуды ұсынамыз. Мысалы, тау-кен өндіру саласындағы және ауыл шаруашылығы саласындағы. Қазақстан әлемдегі ірі астық экспорттаушылардың алғашқы ондығына кіреді. Біздің астық әлемнің 70-тен астам елдеріне жеткізіледі. Сондықтан біз Шри-Ланкаға да Қазақстан астығын экспорттау мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз", - деп мәлімдеді Премьер-Министр.

Серік Ахметов туризм саласындағы өзара ынтымақтастықтың да перспективасы бар деп есептейді. "Біздің елімізде туризм саласы белсенді дамуда, сондықтан бізді сіздердің тәжірибелеріңіз қызықтырады. Қазақстанда қайталанбас табиғи орындар мен туристік бизнесті дамытуға арналған бағыттар өте мол", - деді С.Ахметов.

Форум қатысушыларына арнаған сөзінде Премьер-Министр шри-ланкалық компанияларды Қазақстанға шақырып, "екі елдің іскер жандары бір-біріне айқара есік ашып, ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер табады" деп сенетінін білдірді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны