01.11.2012, 13:55 3065

ҚР премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды

Шымкентте Үкімет басшысы Оңтүстік-Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты.

Шымкент. 1-қараша. Kazakhstan Today - ҚР премьер-Министрі Серік Ахметов жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шымкентте Үкімет басшысы Оңтүстік-Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты.

Серік Ахметов жиынға қатысушылардың алдында Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді.

"Баршаңызды құт қонған қасиетті өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығымен құттықтаймын! Қазақы қалпының қаймағын бұзбай сақтап келе жатқан оңтүстіктің орны әрқашан ерекше. Илемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби, әулие Арыстанбаб, даналық ілімінің атасы Қожа Ахмет Иассауи сияқты дара перзенттерінен тамыр тартқан аймақтың тарихы өте терең және тағлымды. Баршаңызға бақ-береке, отбасыларыңызға амандық тілеймін!", - делінген құтықтауда. Салтанатты жиынға қатысушылар алдында Премьер-Министр облыстың жоғары әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін атап көрсетті.

" Тек соңғы үш жылда облыста 158 білім беру мекемесі салынды. Жаңадан 133 медицина нысаны ашылды. 170 елді-мекенге ауыз су, 79 ауылға газ құбыры тартылды. Төрт мың шақырымға жуық жол жөнделді".

Министрлер кабинетінің басшысы "Мұндай қолдау, әлеуметтік қамқорлық Елбасы тарапынан, Үкімет тарапынан тұрақты жалғасатын болады", - деп сендірді.

Сапар барысында Серік Ахметов "Бәйдібек би" монументіне гүл қойды. 66 жыл ел басқарып, мемлекеттің негізін қалауға қомақты үлес қосқан атақты Бәйдібек бидің ескерткіші Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығында орналасқан.

Премьер-Министрдің жұмыс бағдарламасының тағы бір тармағы - ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтің тапсырмасымен салынған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына бару болатын.

Үкімет басшысы Орталықтың негізгі міндеттері мен мақсаттарымен танысты. КҚКО арқасында көптеген жас кәсіпкерлер кәсіпкерлік негіздерін, бизнес-жоспарларды жасауды оқып-үйреніп, рұқсаттамалық құжаттарды алуда және жобаны одан әрі де сүйемелдеуде қолдауға ие болады. Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін КҚКО "бір терезе" режимінде жұмыс істейді. Премьер-Министр операциалық залды аралап көріп, онда іскер жандармен, сондай-ақ КҚКО қызметкерлерімен әңгімелесті.

Сонымен қатар Үкімет басшысына Индустрияландыру картасының бірқатар жобалары таныстырылып, Оңтүстік-Қазақстан облысын индустриялық-инновациялық дамытудың барысы жайлы ақпарат берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны