Система Orphus

ҚР премьер-министрі жаңа жылға дейін тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін қарыздарын жоюды тапсырды

09.10.2012, 16:00 983

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов коммуналдық қызметтер үшін қарыздарды жыл аяғына дейін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Белгілі болғандай бүгінде коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешек 8 млрд. теңгені құрап отыр. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Үкімет әкімдіктерге дебиторлық берешекті 50 пайызға төмендетуге тапсырма берген еді.

"Бүгінде республика бойынша берешек 8 млрд. теңгені құрап отыр. Жалпы бұл шешілмейтін үлкен проблема емес қой", - деп тоқталды С. Ахметов.

Оның пайымдауынша, жылу беру маусымына байланысты аталған қарыздарды жабу үрдісі жүріп жатыр. Бірқатар әкімдіктер берешекті екі есеге дейін төмендетуге қауқарлы.

"Атап айтқанда, бұл мәселе бойынша мақсат-міндетті төтесінен қою керек. Біз және әкімдіктер жаңа жылға дейін берешекті барынша азайту керек. Жаңа жылды қарызсыз бастау қажет",-деді Премьер-Министр.

Оның сөзіне қарағанда, кәсіпорындармен біріге отырып, жылдан-жылға көшіп келе жатқан коммуналдық қарыздарды мүмкіндік болғанша "сызып" тастаған жөн.

Үкімет басшысының айтуынша, жылдан-жылға көшіп жүрген "сақалды" қарыздар тұрғысында оны өтемейтіндер бар. "Оларды әкімдер біледі. Осы борышкерлер бәрі бір ешқашанда қарызын жаппайды. Сонымен қатар тұрғылықты жерден кетіп қалғандар да бар. Бұл қарыздар жылдап, қордаланып жинақталуда. Осы қарыздар коммуналдық кәсіпорындарда дебиторлық немесе кредиторлық берешек ретінде жинақталды. Бұл қарыздарды ұстап тұрғаннан не пайда? Бұл мәселені қалайда шешу керек",-деді С. Ахметов.

Осы орайда Премьер-Министр тиісті органдар мен әкімдіктерге "сақалды" қарыз мәселесін шешу бойынша тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны