21.07.2017, 21:57 3983

ҚР Премьер-Министріне Петропавлдағы тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту барысы таныстырылды

Облыс әкімі Қ. Ақсақалов спорт сарайын аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Спорт сарайына әкелетін Жамбыл көшесін қайта жөндеу жұмыстары туралы, МЖИ тетіктерін қолдану арқылы Оқушылар сарайы мен Теннис орталығыныӊ құрылысын жүргізу барысы жайында баяндады.

Петропавловск. 21 шілде. Kazakhstan Today -ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Петропавлдағы тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени және спорт нысандарыныӊ, инфрақұрылым және инженерлік коммуникациялардыӊ құрылыс барысымен танысты.

Облыс әкімі Қ. Ақсақалов спорт сарайын аралау кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевқа мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Спорт сарайына әкелетін Жамбыл көшесін қайта жөндеу жұмыстары туралы, МЖИ тетіктерін қолдану арқылы Оқушылар сарайы мен Теннис орталығыныӊ құрылысын жүргізу барысы жайында баяндады.

Петропавлда 2017 жылы барлығы 1 000-нан астам пәтерді өткізу көзделіп отыр. Құрылыс салынатын негізгі орын ретінде "Жас Өркен" шағын ауданы таӊдалды, ол жерде 500-ден астам нысан - ескі үйлер мен өзге де құрылыстар жойылады. Бұл жерде екі жылдыӊ ішінде 2 500 пәтерлі 11 көп пәтерлі тұрғын үй, Оқушылар сарайы мен Теннис орталығы тұрғызылады.

Иуежай перронын кеӊейту, жолдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, көше шамдарыныӊ желісін реконструкциялау бойынша көлемді жұмыстар атқарылуы тиіс. Екі жылдыӊ ішінде 28 көше мен 400 аула аумағы жөнделеді.

Бұдан өзге, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыс орталығындағы әлеуметтік-мәдени нысандар, мейманханалар мен сауда орталықтары бар ойын-сауық орталықтары мен мәдени сауықтыру кешендерініӊ құрылыс жобаларымен танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны