19.10.2011, 14:03 3796

ҚР премьер-министрінің ресми сайты ТМД елдері премьерлерінің кездесуінің онлайн-көрсетілімін жүргізеді

Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайтында (pm.kz) Санкт-Петербургтегі Еуразиялық экономикалық қауымдастық және Кеден одағы елдері Үкімет басшыларының тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - ҚР премьер-министрінің ресми сайты ТМД елдері премьерлерінің кездесуінің онлайн-көрсетілімін жүргізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан Премьер-министрінің ресми сайтында (pm.kz) Санкт-Петербургтегі Еуразиялық экономикалық қауымдастық және Кеден одағы елдері Үкімет басшыларының тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.

Онлайн-көрсетілім Астана уақытымен 15.00-де басталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, 18-19 қазанда Санкт-Петербургте ТМД, ЕурАзЭҚ және Кеден одағы Үкімет басшыларының кездесуі өтеді. Шараға ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысуда.

Константиновск сарайы "Дворец конгрессов" мемлекеттік кешені деңгейін алып, Санкт-Петербургтің жаңа символына айналды.

Осы үлкен сарайдың алғашқы тасын 1720 жылы император Петр I қалаған. Константиновск сарайы Н.Микеттидің жобасы бойынша салына бастады.

1797 жылы Павел I өзінің екінші ұлы князь Константин Павловичке сыйлады, содан бері сарай оның атымен аталады. Сонымен, 1917 жылға дейін үй ресейлік императордың тегімен аталып келді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны