16.12.2012, 14:09 2870

ҚР президенті АҚШ президентіне Коннектикут штатындағы көптеген жазықсыз жандардың өмірін қиған оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Жеделхатта Қазақстан Президенті Ньютаун қаласындағы көптеген күнәсіз бүлдіршіндер мен жазықсыз жандардың өмірін қиған жан түршігерлік оқиға туралы жайсыз хабар өзін және барша Қазақстан халқын қатты күйзелткенін атап өтеді.

Астана. 16-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамаға Коннектикут штатындағы көптеген жазықсыз жандардың өмірін қиған оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Ньютаун қаласындағы көптеген күнәсіз бүлдіршіндер мен жазықсыз жандардың өмірін қиған жан түршігерлік оқиға туралы жайсыз хабар өзін және барша Қазақстан халқын қатты күйзелткенін атап өтеді.

"Халқымыздың атынан және жеке өз тарапымнан Сізге, қаза тапқандардың туыс-жақындарына және барша Америка халқына шын пейілмен қайғыра көңіл айтамын. Осындай қасіретті күнде баршаңызға төзімділік пен табандылық тілеймін" делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны