10.05.2011, 09:00 4903

ҚР президенті ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде жеңіс мемориалындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығымен құттықтады.

Астана. 10 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР президенті ардагерлерді Жеңіс Күнімен құттықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар паркінде жеңіс мемориалындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, ардагерлерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығымен құттықтады.

Салтанатты рәсімге Қазақстанның барлық өңірінен 400-ден астам ардагер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Президент Ұлы Отан соғысында өз өмірлерін қиған қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

"Қымбатты ардагерлер, мен сіздерді бүгінгі мереке - Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтау үшін Алматыға арнайы келдім. Біз бұл күнді 66-шы рет атап өтіп отырмыз. Біз өткен жылы Жеңістің 65 жылдығын атап өттік. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді. Уақыт өткен сайын сіздердің толқын қол жеткізген үлкен жетіктістердің маңызы артып келеді. Бұл ешқашан ұмытылмауы тиіс. Өйткені, осы арқылы біз адамдардың бірлігі неде, бауырластықтың құны қандай, ерлік деген не екенін және Отанды сүю қалай болатынын білдіреміз. Бұл биылғы жылы біз тәуелсіздігін атап өтетін жас мемлекетіміз үшін өте маңызды. Аға ұрпақтың жеңісі және бүгінгі біздің жетістіктеріміз - бір-бірімен тығыз байланысты. Егерде жеңімпаз әкелеріміздің ерлігі болмағанда, біз мұндай мемлекетті құра алмас едік. Сіздердің толқын, сіздер, құрметті ардагерлер, әлемді болуы ықтимал қасіретті трагедиядан құтқарып қалдыңыздар. Бұндай қатерлі соғыс бұрын-соңды Жер шарында болып көрген емес. Біздің бейбітшілікті, өз елімізде тыныштықты қастерлеуіміздің, жас ұрпақты ерлік рухында, туыстық, бір-біріне деген сүйіспеншілік, барлық ұлт өкілдеріне және халыққа деген құрметке тәрбиелеудегі себеп осында",- деп атап өтті елбасы.

"Біз осының негізінде үлкен табысқа қол жеткізіп отырмыз. Осының арқасында 20 жылдың ішінде экономика аяғынан тік тұрды, біз танымал мемлекетке айналып, орасан қаражат тарттық. Біз сіздерге көмектесіп келеміз. Мемлекет тек соңғы жылдары ғана зейнетақыны 25 пайызға екі рет көтерді. Биылғы жылы қаңтардан бастап 30 пайызға ұлғайттық. Осылайша соңғы үш жылда зейнетақы көлемі екі есеге өсті. Ардагерлерге қамқорлық көрсету тек мерекелік ғана емес, сондай-ақ күн сайынғы ісіміз. Сіздер мұны айқын сезінесіздер деп ойлаймын. Тұрғын үймен қамтамасыз ету, сіздердің өмірлеріңіз үшін күн сайын еңбектену - біздің парызымыз", - деді ҚР президенті.

"Қазақстан бұл соғысқа үлкен үлес қосты. Біздің 1 миллион 800 мың отандасымыз соғысқа қатысты. Олардың басым көпшілігі қайтып оралған жоқ. Біз бұл күні біздің мемлекетіміз - Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін құрбан болған жауынгерлерге құрмет көрсетеміз. Сондықтан біз соғысқа 50 неміс танкісі қосылғанда танкілер шабуылын екі рет тоқтатқан және фашистік армияның жеңілмейді деген аңызын жоққа шығарған 28 панфиловшы батырлардың ерліктері туралы әрдайым еске аламыз. Соғыстың соңғы нүктесін Қостанай облысында құрылған Кутузов орденді 150-ші Идирицкая атқыштар дивизиясы қойды. Кеңес Одағының Батыры атанған 558 адам қазақстандық. Бұл біздің әкелеріміз бен аталарымыз сол бір сұрапыл соғыста Отанға деген сүйіспеншілік пен ерліктің үлгісін көрсеткенінің дәлелі. Бұл дәстүр біз үшін өте қастерлі. Бұл Сіздер біздің арамызда болып, өз үлгілеріңізбен жастарды өздеріңіз сөз жүзінде емес, іс жүзіде көрсеткен ерлік рухында тәрбиелеулеріңіз үшін де өте маңызды. Біз мұны әрдайым есте сақтаймыз. Уақыт өткен сайын, сіздердің жауынгерлік ерліктеріңізді жиі еске алатын боламыз. Біз сіздердің соғыстан кейінгі қираған мемлекетті қалпына келтірудегі еңбектегі ерліктеріңізді есте сақтаймыз",- деп атап көрсетті елбасы.

"Біз бүгін Қазақстанда мақтаныш етіп отырған экономика да сіздердің қолдарыңызбен жасалды. Мен сіздердің күш-жігерлеріңіз барда, сізермен бірге еңбек еткен адаммын. Енді жаңа толқынмен еңбек етудемін және жас қазақстандықтардың аға ұрпаққа деген құрметі, түсінігі, туыстық рухы қаншалықты күшті екенін көріп жүрмін. Сондықтан осы қиыншылықтың бәрін көрген Қазақстан бейбітшілік, ядролық қарусыз үшін күрестің, көрші елдермен туыстықтың, өзара түсіністікті сақтаудың қолдаушысы болып табылады. Өйткені, біздің елде бейбітшілік, тыныштық, тұрақтылық салтанат құрған. Бұған қосқан сіздердің де үлестеріңіз зор. Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер. Мен, барша қазақстандықтар тәрізді, сіздерге мықты денсаулық тілеймін. Біздің арамызда жүріп, өз еңбектеріңізбен, өз сөздеріңізбен, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін қажетті, патриоттық рухта тәрбиелеу, туыстыққа баулу, бір-біріне құрмет көрсетудің үлгі-өнегесін көрсете беріңіздер. Бұл күллі әлемге керек үлгі-өнеге. Сіздерді тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, бар жақсылықты тілеймін!" - деді Мемлекет басшысы.

Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдынан Республикалық ұланның Құрметті қарауыл ротасы сап түзеп өтті.

Ресми рәсімнен кейін Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлермен әңгімелесіп, оларды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, құт-береке және ұзақ өмір тіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны