29.08.2012, 13:52 3227

ҚР президенті бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні "Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге" атты халықаралық конференция шеңберінде екі жақты кездесулер өткізді.

Астана. 29-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев антиядролық конференция шеңберінде бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні "Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат әлемге" атты халықаралық конференция шеңберінде екі жақты кездесулер өткізді.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Н.Назарбаев РФ Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы қарым-қатынастар мен парламентаралық байланыстар жайы сөз болды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Германияның Сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен кездесті.

"Кездесуде Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту және халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер талқыланды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, президент АҚШ Конгресінің мүшесі Эни Фалеомаваегамен кездесіп, ядролық қару таратпау туралы ұстанымдарды сақтау мәселелерін ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны