06.05.2011, 09:00 2397

ҚР президенті бірқатар лауазымды тұлғаларды тағайындады

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Өкімдерімен Қобыланды Нұрғалиұлы Мусин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Юрий Камирұлы Шоқаманов Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған.

Астана. 6 - мамыр. Kazakhstan Today - ҚР президенті бірқатар лауазымды тұлғаларды тағайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысының Өкімдерімен: Ибен Ағыбайұлы Бектасов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне; Серікбол Рахымқанұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Илішер Хабиболлаұлы Пірметов Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне; Рүстем Нұрланұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне; Нұрболат Серғалиұлы Айдапкелов Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне; Амангелді Жұмабаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне; Лұт Сапуұлы Илшекенов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы - Құрылық әскерлері бас қолбасшысының оқ атумен зақымдау жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының Өкімдерімен Қобыланды Нұрғалиұлы Мусин Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен; Юрий Камирұлы Шоқаманов Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылған.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Амангелді Жұмабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны