22.09.2015, 13:02 3906

ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясыныӊ мерейтойлық сессиясына қатысу үшін АҚШ-қа барады

26-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-сессиясына қатысу үшін ұйымныӊ Бас хатшысы Пан Ги Мунныӊ шақыруымен Америка Құрама Штаттарына барады

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - 26-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясыныӊ Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-сессиясына қатысу үшін ұйымныӊ Бас хатшысы Пан Ги Мунныӊ шақыруымен Америка Құрама Штаттарына барады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елбасы Бас ассамблеяныӊ Жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ Мыӊжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру және Орнықты дамудыӊ 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондай-ақ Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп жоспарланып отыр, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделуде. Американыӊ JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны