08.10.2012, 11:25 2996

ҚР президенті экстремистік қылмыскерлермен бірлесе күресуге шақырды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің "Бірінші арна" телеарнасының "Воскресное время" бағдарламасына берген сұхбатында осылай мәлім етті.

Астана. 8-қазан. Kazakhstan Today - ҚР президенті экстремистік қылмыскерлермен бірлесе күресуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің "Бірінші арна" телеарнасының "Воскресное время" бағдарламасына берген сұхбатында осылай мәлім етті.

Сұхбат барысында телеарна журналисі Ирада Зейналова "бүгінгі жаһанданған заманда қатерлердің де жаһандық сипатта" екенін меңзеп: "Исламдық радикализация" туралы айтыңызшы. Бұған Ресей де алаңдаулы, Еуропа мен Таяу Шығысты да осы проблема алаңдатады. Алматыда да осы мәселе бар секілді. Сіз осыған қатысты не айтар едіңіз?" деп сұрады.

"Бұл ретте біз ислам әлемінде пайда болған экстремистер туралы айтуымыз керек. Солтүстік Африкадағы, Ауғанстандағы тұрақсыздық, Таяу Шығыстағы дүрбелең - бұның бәрі экстремизмге дем беріп отыр. Бізге осымен күресуге тура келеді. Жастарымыз да қылмыскерлердің ықпалына түсіп қалуда. Бұл Ресейде де, бізде де, біздің көршілестерімізде де бар проблема болып табылады. Сондықтан да біз сонымен күресу үшін күшімізді біріктіруіміз керек", - деді Нұрсұлтан Ибішұлы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны