14.05.2008, 10:29 1265

ҚР президенті мен Литваның премьер-министрі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

ҚР президенті мен Литваның премьер-министрі екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Литва Республикасының Премьер-Министрі Гедиминас Киркиласты екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Мемлекет басшысы 2007 жылы 118,4 миллион долларды құраған өзара сауда айналымының көлемі Қазақстан мен Литваның мүмкіндіктеріне сай келмейтіндігін, әйткенмен екі ел экономикасының даму қарқынын ескере отырып, өзара сауда айналымының келешегі бар екендігін атап көрсетті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ кездесу барысында 2010 жылы Қазақстанның, ал 2011 жылы Литваның ЕҚЫҰ-на төрағалығы жөніндегі мәселелерге қатысты пікір алысу болып өтті. "Біз Орталық Азия, Каспий және Қара теңіз аймақтарының проблемаларына ерекше назар аударатын боламыз", - деді журналистерге берген брифингте Г.Киркилас.

"Премьер-министр сонымен бірге өз елінің Қазақстанмен энергетика саласындағы ынтымақтастыққа мүдделі екендігін атап өтті. Сондай-ақ Астанаға Қазақстан экономикасын инвестицияландыруға мүдделі литвалық кәсіпкерлердің үлкен тобының келгендігін хабарлады", - деп көрсетілген хабарламада.

Сондай-ақ, Г.Киркилас қазақстандық бизнес өкілдерін Литва аумағында жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға, соның ішінде Вильнюс, Каунас, Клайпеда қаларында салынатын үш ірі логистика орталықтарының құрылысына қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны