18.08.2010, 18:07 2869

ҚР президенті мен ҰҚК төрағасы алдағы мекеме қызметін оңтайландыру мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Иділ Шаяхметовты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 18 - тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Иділ Шаяхметовты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, И.Шаяхметов ағымдағы жылғы ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысының алқасында Президент алға қойған міндеттердің орындалу барысы туралы хабардар етті.

Кездесу барысында сондай-ақ "Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлықтың аясында қарастырылғандай, алдағы уақытта ҰҚК қызметін оңтайландыру туралы әңгіме болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны