08.10.2007, 11:29 1500

ҚР президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты

ҚР президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы болып өтті. Оның жұмысына Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында Шартқа қатысушы елдердің басшылары бірлескен бітімгершілік қызметі бойынша құжаттар пакетін бекіткен, әскери-экономикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша келісімдерге қол қойған.

"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жаңадан екі қосымша органын: Заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері бойынша үйлестіру кеңесі және Төтенше жағдайлар бойынша үйлестіру кеңесін құру жөнінде келісімге қол жеткізілді", - деп көрсетілген хабарламада.

"Осыған байланысты, Ұйымның бұдан да табысты қызмет етуі үшін заңсыз көші-конға қарсы іс-шаралар саласында бірлескен әдістеме жасаған дұрыс", - деп дәйексөз алған баспасөз қызметі Қазақстан Республикасының делегациясының Сессиядағы баяндамасынан. "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Хатшылығы мен Бірлескен штабы арасында өкілеттіліктерді айқын жігін ажыратуға ерекше назар аударған абзал. Искери және әскери-техникалық ынтымақтастықтың стратегиялық міндеттерін Хатшылықта, ал қолданбалы практикалық міндеттерді Бірлескен штабта шоғырландырған дұрыс", - деп көрсетілген құжатта.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, президент өз сөзінде Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясындағы ынтымақтастық нәтижелеріне қанағаттанатындығын атап өткен. "Соған қарамастан, өзгеру үстіндегі қазіргі заманда жағдайды жедел сезіну қажет. Ал біздің өзара іс-қимылдарымыз нақты проблемаларды бірлескен түрде нәтижелі шешудің құралы болуға тиіс. Бірқатар жаһандық көлемдегі қауіп-қатерлер мен қоқан-лоққыларға қатысты біздің Ұйымымыз Біріккен ұлттар ұйымымен тығыз қарым-қатынаста болуы керек", - деді Қазақстан президенті.

Осы себепті Қазақстан трансұлттық сипатқа ие және біздің барлық мемлекеттеріміздің мүддесін қамтитын экологиялық және энергетикалық қауіпсіздік мәселесін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының шешіп жатқан мәселелер қатарына енгізуді ұсынып отыр. "Ұжымдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге Еуразиялық энергетикалық тұрақты жеткізілім пактісінің қабылдануы ықпал етпек", - деп көрсетілген мемлекет басшысының баспасөз қызметінің хабарламасында.

2008 жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Қырғызстан төрағалық етеді. Ал келесі сессия 2008 жылы Мәскеу қаласында өтеді деп күтіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны