10.04.2014, 19:27 2990

ҚР Президенті Зырян және Аягөз қалаларын ШҚО-ның аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалаларын аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызу туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін:1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян және Аягөз қалалары аудандық маңызы бар қалалар санатына жатқызылсын.2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлық мәтінінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны