01.04.2015, 21:46 3697

ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтыӊ РҚШ мүшелері Семей жұртымен кездесті

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтыӊ Республикалық қоғамдық штабыныӊ мүшелері Семей қаласында Ұлы Отан соғысы және еӊбек ардагерлерімен, өӊірге танымал құрметті адамдармен, ақсақалдармен, әскерилермен, сондай-ақ цемент зауытыныӊ қызметкерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды РҚШ баспасөз қызметі

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтыӊ Республикалық қоғамдық штабыныӊ мүшелері Семей қаласында Ұлы Отан соғысы және еӊбек ардагерлерімен, өӊірге танымал құрметті адамдармен, ақсақалдармен, әскерилермен, сондай-ақ цемент зауытыныӊ қызметкерлерімен және кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды РҚШ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Делегация құрамында - Республикалық штабтыӊ жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанныӊ Патриоттар партиясыныӊ төрағасы Ғани Қасымов, "Ақ жол" Демократиялық партиясыныӊ төрағасы Азат Перуашев және басқалар бар, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Абай атындағы кітапханадағы кездесуде Семей тұрғындарыныӊ Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше ілтипатпен қарайтыны айтылды. Өйткені, ол Семей полигонындағы ядролық сынақтарды тоқтатты.

"Ядролық полигонды жаба отырып, Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемге ол үшін еӊ бастысы: туған халқыныӊ өмірі, денсаулығы, мақсат-мұраттары мен болашағы екенін көрсетті. Осы ұлы қадамы үшін семейліктер бүкіл әлемде ядролық қаруға қарсы қозғалыстыӊ танылған көшбасшысы біздіӊ Елбасымызға президенттік сайлауда шын жүректен қолдау көрсететініне сенімдімін", - дейді Республикалық қоғамдық штабтыӊ жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Кездесу барысында "Нұр Отан" партиясы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Нұрлы жол" жаӊа экономикалық саясаты бизнестіӊ жаһандық экономикалық тұрақсыздыққа қарсы тұруына мүмкіндік береді, ал бес институционалдық реформалар орта таптыӊ одан әрі жедел қарқынмен қалыптасуына жағдай туғызады" - деді.

"Ақ жол" партиясыныӊ төрағасы Азат Перуашев Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ салиқалы саясатыныӊ арқасында Қазақстанда шағын және орта бизнес дамып, кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалғандығын айтты.

Семей тұрғындары шығыс өӊірді қарқынды дамып келе жатқан аймаққа айналдырғаны үшін, сондай-ақ жаӊа жұмыс орындары, озық кәсіпорындар құрылып, заманауи тұрғын үй кешендері мен сапалы жолдар салынып жатқаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа шын жүректен алғыстарын жеткізді.

Атап айтқанда, 2014 жылдыӊ өзінде ғана өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі 8 пайызға жуық артты, Елбасыныӊ үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 10 бірдей жоба іске асырылды, соныӊ арқасында 600 жұмыс орны құрылды. Барлығы өткен жылы Семейде 6500 адам жұмыспен қамтылды.

Кездесуде кәсіпкерлер Мемлекет басшысы тарапынан тұрақты қолдаудыӊ арқасында өӊірде машина жасау өндірісі қарқын алып келе жатқанын атап өтті. Бір жылдыӊ ішінде тракторлар, автобустар және автомобильдер өндірісініӊ көлемі екі есе өсті. Бұл салада 12 пайыздан астам өсім байқалды.

Семей тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды күшті, тәуелсіз және гүлденген мемлекетке айналдырғанын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны