26.02.2015, 17:13 4345

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу басталды

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті

Астана. 26 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысында сайлау құжаттарыныӊ үлгілері мен сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараныӊ күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну 26 ақпанда басталып, 15 наурызда аяқталады", - деді ол, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Комиссия төрағасыныӊ айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді.

"Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардыӊ үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі", - деді Қ.Тұрғанқұлов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны