01.04.2015, 20:40 3679

ҚР СІМ-де Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібініӊ кеӊ ауқымды мәселелері, соныӊ ішінде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы, көпжақты институттар шеӊберінде ықпалдастығы және қазақстан-словактық екі жақты қатынастар дамуыныӊ басымдылықтары талқыланды

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Ү. ж. 31 наурызда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтыӊ Словакия СІМ Мемлекеттік хатшысы, Орталық Азия бойынша ЕО Арнайы өкілі қызметіне үміткер Петер Бурианмен келіссөздері өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібініӊ кеӊ ауқымды мәселелері, соныӊ ішінде Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығы, көпжақты институттар шеӊберінде ықпалдастығы және қазақстан-словактық екі жақты қатынастар дамуыныӊ басымдылықтары талқыланды, деп хабарлайды www.mfa.kz тілшісі.

Сұхбаттастар Орталық Азия тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде Қазақстан үлесін атап өтті. Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық әрекеттер аясында қауіпсіздік, шекараларда ықпалдастықты күшейту, есірткі тасымалы, адам саудасы, лаӊкестік пен экстремизмге қарсы тұру салаларда ЕО-ныӊ орталықазиялық өӊірмен ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігі аталып өтті. Осы тұрғыда 11 наурызда Душанбеде өткен қауіпсіздік мәселелері бойынша жоғары деӊгейдегі "ЕО - ОА" диалогыныӊ 2-ші отырысы мақұлданды.

ҚР СІМ басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық туралы сөз қозғап, Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы соӊғы 10 жылда 13 есе, ал қазақстандық экономикаға тартылған еуропалық инвестициялардыӊ көлемі 10 есе артты деп атап өтті. Қазақстан сауда айналымыныӊ және елге тартылған шетел инвестициялардыӊ жартысы еуропалық елдер үлесіне тиесілі.

Сонымен қатар, Қазақстан және Словакия арасындағы сауда айналымы көлемініӊ оӊ екпіні де атап өтілді.

Бүгінгі қазақстан-словакиялық қатынастарда жоғары және жоғарғы деӊгейдегі белсенді саяси диалогтар жиі өтеді, келісімшартты-құқықтық база да жетілдірілуде. Сонымен қатар, парламентаралық ынтымақтастықтыӊ жоғары деӊгейі және Экономикалық пен ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша қазақстан-словакиялық парламентаралық комиссиясыныӊ маӊыздылығы да ерекше атап өтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны