05.12.2013, 22:44 4971

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Киевте өтіп жатқан ЕҚЫҰ 20-шы министрлер отырысына қатысуда

Отырысқа 57 қатысушы-мемлекет, 11 әріптес-мемлекет делегациялары, сондай-ақ, ЕҚЫҰ институттарының басшылары, БҰҰ, Еуропа Кеңесі, НАТО, ТМД өкілдері және т.б. қатысады. Жеребеге сәйкес, ертең ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы отырыс шеңберінде екіжақты кездесу өткізетінін атап айту керек.

Алматы. 05 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Киевте өтіп жатқан ЕҚЫҰ 20-шы министрлер отырысына қатысуда, деп хабарлайды Kazakhstan today мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина астанасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) 20-шы министрлер отырысы басталды, оған еліміздің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған қазақстандық делегация да қатысуда.

Украина премьер-министрі Николай Азаров кездесуге қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйледі. Содан кейін ұйымның іс жүзіндегі төрағасы-министр Кожараға, парламент ассамблеясының президенті Ранко Кривокапичке сөз берілді. ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Заньер де баяндама оқиды.

Отырысқа 57 қатысушы-мемлекет, 11 әріптес-мемлекет делегациялары, сондай-ақ, ЕҚЫҰ институттарының басшылары, БҰҰ, Еуропа Кеңесі, НАТО, ТМД өкілдері және т.б. қатысады. Жеребеге сәйкес, ертең ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов баяндама жасайды деп күтілуде. Сондай-ақ, ҚР СІМ басшысы отырыс шеңберінде екіжақты кездесу өткізетінін атап айту керек.

20-шы отырыстың күн тәртібіндегі мәселелер арасында құқық үстемдігі қағидалары, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді талқылау, төзімділік пен кемсітпеушілікті бекіту, сондай-ақ, журналистер құқығын қорғау бар.

Украинадағы билікке қарсы наразылықтар 5-6 желтоқсанда Киевте өтетін ЕҚЫҰ министрлер кеңесіндегі негізгі тақырып болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, бұл туралы жуырда Украинадағы Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия елшісі Саймон Смит өзінің Twitter-дегі микроблогына жазды.

Оның сөзіне қарағанда, осы аптада Киевте министрлер отырысында жергілікті билікке азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу керектігін айтуға мүмкіндік туады.

"Украинская правданың" жазуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы АҚШ елшісі Дэниел Баэр де осындай ұстанымға келді. Ол Украинаның өз басымдықтарының бірі ретінде БАҚ бостандығын, сондай-ақ, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, азаматтық қоғамды дамытуды белгілегенін еске салды.

Оның сөзіне қарағанда, Украинада болған соңғы оқиғалар елдің ЕҚЫҰ аясында жариялаған басымдықтарына сәйкес келмейді.

Бүгінгі күні жергілікті БАҚ Киевке басқа аймақтардан ішкі әскерлер тартылғанын хабарлауда, ал бірінші вице-премьер Сергей Арбузов елде қалыптасқан дағдарыстан мерзімінен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізу арқылы ғана шығуға болатынын мәлімдеді. Майдандағы шерушілерді күшпен таратқаннан кейін халық дәл осыны талап етуде. Кеше онда Қазақстан журналистері барып, майданда болып жатқан оқиғаларды өз көздерімен көріп қайтты. Онда жиылған бірнеше жүздеген адам сахнадан концерт тамашалап, белсенділерді тыңдауда. Түн ортасында сахнаға шіркеу қызметшілері шығып, қатысушылармен бірге дұға оқыды.

Бүгін белсенділер ЕҚЫҰ 20-шы министрлер отырысы өтіп жатқан Киевтегі көрме орталығы алдындағы алаңға шықты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны