27.01.2010, 13:28 3390

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды

ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымына Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды

Астана. 27 қаңтар. Kazakhstan Today - ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваға Интерпол желісі бойынша іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстанның қаржы полициясы Интерполдың Қазақстандағы ұлттық орталық бюросына ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваға халықаралық іздеу жарияланғанын және оны ұстау және Қазақстан Республикасына экстрадициялау туралы хабарлады", - деді Қ. Жұманов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваға іздеу жарияланғаны туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков 22 қаңтарда өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Менің білуімше, оған іздеу жарияланды. Оған қатысты қылмыстық іс әлі де қаржы полициясының иелігінде. Ал оның ұсталмай отыруының себебеін жедел іздестіру қызметі бөлімшешерінен сұрау керек", - деді Н. Сүйіндіков.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаева қатысты қылмыстық іс қозғады.

"ҚР Статистика агенттігі төрайымының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевқа, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржановқа қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды. Қазір айыпталушылар мен олардың қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Осы қылмыстық істі тексеру барысында санақ құралдарын сатып алуға бөлінген бюджет қаржысын ұрлауға ҚР Статистика агенттігінің бұрынғы төрайымы Анар Мешінбаеваның қатысы бар екендігі анықталды. Мешінбаеваға қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатыр. Тергеу мүддесіне сай әзірге басқа ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны