17.01.2008, 18:28 2784

ҚР төтенше жағдайлар министрі "Арселор-Миталл" компаниясының "Көмір" Искерилендірілген апаттан құтқару қызметінің тау-кен құтқарушыларының санын қысқарту жөніндегі ұсынысын сынады

ҚР төтенше жағдайлар министрі "Арселор-Миталл" компаниясының "Көмір" Искерилендірілген апаттан құтқару қызметінің тау-кен құтқарушыларының санын қысқарту жөніндегі ұсынысын сынады

Астана. 17 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко бүгін мекемеде өткен алқа мәжілісінде "Арселор-Миталл" компаниясының "Көмір" Искерилендірілген апаттан құтқару қызметінің тау-кен құтқарушыларының санын қысқарту жөніндегі ұсынысын сынады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Құрметті Кәрім Қажымханұлы, "Арселор-Миталл" компаниясының көмір департаментінің төрағасының сіздің атыңызға 2007 жылдың 24 желтоқсанында жіберген хатына назар аудару қажет, онда ол Англия, Германия мен Польшадағы геологиялық ахуалдың Қарағандыдағы жағдаймен бірдей екенін алға тарта келе "Көмір" Искерилендірілген апаттан құтқару қызметінің тау-кен құтқарушыларының санын қысқартуды ұсынады", -деді В. Божко.

"Осы орайда ол бұл елдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің аса жоғары деңгейде екенін, құрал-жабдықтарды пайдалану мерзімінің бұзылмайтынын, кеншілердің жалақсын біздің елдегімен салыстыруға келмейтінін, ал мұнай қабаттарындағы газдың төмен екендігін естен шығарған кейіп танытады", -деді ол.

Төтенше жағдайлар министрі бұған қоса Ленин атындағы шахтада болған қайғылы оқиғадан кейін "Арселор-Миталл" компаниясына берілген нұсқауларға қарамастан, "компанияның әлемдік деңгейдегі қауіпсіздік жүйесін бүгінгі күнге дейін сатып алмағандығын" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны