03.04.2014, 20:19 2668

ҚР ТЖМ-де Көкпекті бөгетінің арнасынан асуы себептерін тексеру бойынша үкіметтік комиссия отырысы өтті

Көкпекті ауылындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға барлығы 942 адам, атап айтқанда құтқарушылар, ішкі әскерлер мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері және 118 бірлік техника жұмылдырылды.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Кеше, 2 сәуірде ҚР ТЖМ Республикалық дағдарыс орталығында ҚР ТЖ министрі В.К. Божконың төрағалығымен Қарағанды облысы Бұқар-Жырау ауданы Көкпекті өзенінде Көкпекті су қоймасы бөгетінің арнасынан асуы салдарынан болған топтық оқыс оқиғаның себептерін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссияның бірінші отырысы өтті.

ТЖМ-де хабарлағандай, космиссия құрамына ҚР ТЖ министрі, Қарағанды облысының әкімі, денсаулық сақтау, қаржы, ауыл шаруашылығы, еңбек және әлеуметтік қорғау, өңірлік даму, көлік және коммуникациялар, қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары вице-министрлері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары кірді.

Көкпекті ауылындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға барлығы 942 адам, атап айтқанда құтқарушылар, ішкі әскерлер мен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері және 118 бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ волонтерлер мен Қызыл крест өкілдері қатысты. Аула-ауланы аралау жұмыстары жүргізілуде, қазіргі уақытта зілзала аймағында қалған 400-ден астам үй тексерілді.

Облыс әкімдігі жобалау институттарымен бірге қираған үйлерді бағалау жұмыстарын жүргізуде. Көшелерді тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 366 тонна қоқыс шығарылды, қырылған малдарды көму жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, зардап шеккендерге ақшалай қаражат аудару үшін арнайы есеп-шоттары ашылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны