05.02.2008, 18:24 2293

ҚР Иділет министрлігі тұжырымдамалар мен заң жобаларын жасау және рәсімдеу жөніндегі нұсқауларды әзірледі

ҚР Иділет министрлігі тұжырымдамалар мен заң жобаларын жасау және рәсімдеу жөніндегі нұсқауларды әзірледі

Астана. 5 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Иділет министрлігі тұжырымдамалар мен заң жобаларын жасау және рәсімдеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды әзірледі, деп хабарлайды агенттік ҚР Иділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Заңның сапасын оның қоғамдық сұранысқа сәйкестігі мен қоғамдық қатынастарды заң шығарушының міндеттеріне сай реттеуді қамтамасыз ете алу қабілетіне қарай бағалайды. Бұл орайда заң сапасын үш қырынан бағалауға болады: әлеуметтік, саяси және заңдық тұрғыдан", -делінген хабарламада.

ҚР Иділет министрлігі тұжырымдамалар мен заң жобаларын жасау және рәсімдеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды осы бағыттарға сай әзірледі. Идістемелік нұсқауларды дайындауға үш жыл мерзім жұмсалды.

Атап айтсақ, нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың залал-зардаптарын болжау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Олар нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың кері әлеуметтік-экономикалық залал-зардаптарын жобаны жасаудың бастапқы кезеңінде бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, "заңнамалық акт мен оны пайдалану тәжірибесіне талдама жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар дайындалған, олар қолданыстағы құқықтық нормативтік актілердегі құқықтық нормалардың ақтаңдақтары, сәйкессіздіктері, қарама-қайшылықтары мен коллизияларын анықтауға, сілтеме жасалатын және бланкеттік нормаларды азайтуға септігін тигізеді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны