16.01.2007, 10:25 2715

ҚР үкімет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА. 16 қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов кеше бірқатар кездесулер өткізді. Бұл туралы агенттікке үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

К.Мәсімов "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқарма төрағасы Қайрат Келімбетовпен бірге даму институттарының бұдан былайғы қызметтері туралы әңгімелесті. Кездесу барысында үкімет басшысы қордың қызметін пәрмендендіруге қатысты бірнеше тапсырмаларды атап көрсетті.

Өз кезегінде Қ.Келімбетов "Қазына" қорының 2008 жылға арналған жобалары туралы толық есеп үкіметтің назарына биылғы жылдың бірінші тоқсанында ұсынылатынын айтты.

Сол күні К.Мәсімов "ҚазАгро" Ұлттық холдингінің жаңа тағайындалған басқарма төрағасы Илихан Смайыловты қабылдады. К.Мәсімов "ҚазАгро" құрамына кіретін акционерлік ұйымдар қызметтерін республиканың ауыл шаруашылық саясатына сәйкестендіру керектігіне тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны