11.06.2013, 16:07 3548

ҚР Үкімет Басшысы Словакия Ұлттық Кеңесінің Төрағасы П. Пашкамен кездесу өткізді

Кездесу барысында Қазақстан-Словакия екіжақты қарым-қатынасы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Астана. 11-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Словакия Республикасы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Павол Пашкамен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кездесу барысында Қазақстан-Словакия екіжақты қарым-қатынасы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр екіжақты байланыстардың ырғақты дамып келе жатқанын ескеріп, Қазақстан мен Словакияның өзара тауар айналымын арттырудағы үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.

С.Ахметов сонымен қатар, "экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық комиссия қызметін жандандыра түсу қажет",-деп атап көрсетті.

Өз кезегінде, П.Пашка Қазақстан мен Словакия ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығына тоқталып, өзара мүдделі қызығушылық тудыратын салалардағы әріптестікті дамытуды қолдайтынын айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны