21.02.2017, 23:22 4721

ҚР Үкіметі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заӊ жобасына түзетулерді мақұлдады

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 6 Кодекс пен 16 заӊға түзетулер енгізуді қарастыратын "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊ жобасын ұсынды.

Астана. 21 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтыӊ төрағалығымен өткен Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 6 Кодекс пен 16 заӊға түзетулер енгізуді қарастыратын "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заӊ жобасын ұсынды.

Е. Біртановтыӊ айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша заӊ жобасында бөлінген сома мен жарналарды есептеу нысандары мен мөлшерлемесін өзгертуге қатысты түзетулер енгізу ұсынылған.

Сонымен қатар, жарналар төлемін мемлекет жүзеге асыратын жаӊа тұлғалар санаттарын, жаӊа төлеушілер санаттарын енгізу ұсынылады, сонымен қатар МИМС және КТМКК жүйесінде Илеуметтік медициналық сақтандыру және дәрі-дәрмекпен қамту қорыныӊ жұмысын ұйымдастыру мәселелері реттеледі.

Қорға төленуі тиіс МИМС-ға мемлекеттіӊ жарналары келесі мөлшерде белгілеу ұсынылады:

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап - мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 3,75 %;

2019 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап - мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 4 %;

2022 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап - мемлекет жарналарын есептеу нысандарынан 4 пайыздан кем емес, бірақ 5 пайыздан артық емес.

Бұл тұста мемлекет жарналарыныӊ көлемі жыл сайын сәйкес қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заӊмен белгіленетін болады.

Жұмыс берушілердіӊ МИМС бөлетін сомаларын келесі мөлшерде белгілеу ұсынылады:

2017 жылдыӊ 1 шілдесінен бастап - бөлген соманы есептеу нысанынан 1%;

2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап - бөлген соманы есептеу нысанынан 1,5%;

2020 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап - бөлген соманы есептеу нысанынан 2%;

2022 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап - бөлген соманы есептеу нысанынан 3%.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандардыӊ; Қазақстан Республикасынан тысқары шыққан азаматтардыӊ, сонымен қатар басқа да төлеушілердіӊ (еӊбекке қабілетті жастағы, белсенді емес тұлғалардыӊ) жарналарын еӊ төменгі айлықтыӊ 5% көлемінде белгілеуді ұсынады.

МИМС жүйесін енгізуге байланысты заӊ жобасында әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлеріне, сонымен қатар аталған тұлғалар санатындағы зейнетақы төлемдерін алушыларға және олардыӊ отбасы мүшелеріне, мемлекеттік қызметкерлердіӊ жекелеген санаттарына медициналық көмекті ұсыну мәселелері реттелген.

Заӊ жобасында Қорды МИМС жүйесінде, сонымен қатар КТМКК аясында бірыӊғай төлеуші ретінде айқындау ұсынылады. Осыған байланысты "Халықтыӊ денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстен КТМКК көрсету бойынша қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру және КТМКК көрсету бойынша фармацевтикалық қызметтер функцияларын облыстардыӊ, республикалық мәні бар қалалар мен елорданыӊ мемлекеттік денсаулық сақтауды басқару бойынша жергілікті органдарыныӊ құзыретінен алып тастау ұсынылған.

Сонымен қатар, қордыӊ қаржылық тұрақтылығын және оныӊ активтерініӊ сақталуын күшейту мақсатындағы түзетулер де қарастырылған.

"Жалпы, заӊ жобасында денсаулық сақтау жүйесініӊ, оныӊ ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесініӊ тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін негізгі жайттар қамтылған. Заӊ жобасыныӊ жүзеге асырылуыныӊ арқасында республикалық бюджет шығындары қысқарады", - деп түйіндеді Е. Біртанов.

Еске салайық, 2017 жылдан бастап Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 80-қадамын жүзеге асыру бойынша өткен жылдыӊ 16 қарашасында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заӊ қабылданды, онда медициналық сақтандыру жүйесін қалыптастыру нормалары қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны