14.03.2008, 09:46 1274

ҚР үкіметі солтүстік өңірлерді көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету шараларын жасап шығарды

ҚР үкіметі солтүстік өңірлерді көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету шараларын жасап шығарды

Астана. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі солтүстік өңірлерді көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету шараларын жасап шығарды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Астанада бейсенбі күні ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті 19-шы отырысында еліміздің солтүстік өңірлерін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шаралары талқыланды.

"Көкөніс өнімдерімен ішкі рынокты толтыру мақсатында, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында орналасатын "Оңтүстік" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ИКК) сервистік-дайындау орталықтарын құрған, сондай-ақ көкөніс өнімдерін жеткізудің фьючерлік шартын жасау және тікелей сатып алудың жоспар-кестесі әзірленіп, ұсынылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге, "Сарыарқа" ИКК мен "Оңтүстік" ИКК араларында пилоттық меморандумға қол қойылды. "Сарыарқа" ИКК меморандуға сәйкес "Оңтүстік" ИКК жеткізетін көкөніс өнімдерін қолжетімді және тұрақты баға бойынша солтүстік өңірлерге тиімді сатуды қамтамасыз ететін болады. "Мұндай тетіктің арқасында көкөніс өнімдерін еліміздің өзге де өңірлеріне тасымалдай отырып, сатуды іске асыру көзделінген", - деп толықтырылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Үкіметтің мәліметтеріне сүйенсек, "Сарыарқа" ИКК сондай-ақ көкөніс өнімдерінің өндірісі, сақталуы және сатудың толық циклін қарастыратын кешенді бағдарлама әзірлеген.

"Мемлекеттік комиссия мүшелері ұсынылған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны тарту арқылы өңірлер арасындағы өзара іс-қимыл жасау сызбасын қолдады. Аталған мәселе таяуда облыс әкімдерінің және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басшыларының қатысуымен өтетін селекторлық кеңестің күн тәртібіне енгізілді", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны