15.08.2012, 10:52 3715

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілді

ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілді

Алматы. 15-тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстанның Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігі құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 2 маусым Астана, Үкімет Үйі, №734 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын бекіту туралы "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. "Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1330 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 631-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МИСІМОВ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидалары ресми БАҚ-тың беттерінде жарияланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны