18.04.2014, 19:29 4418

ҚР Үкіметінің Қаулысымен мамырдағы мереке күндерінің демалыстары ауыстырылды

Жұмысшылардың демалысына қолайлы жағдайлар туғызу үшін және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндері 2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан жұма 2 мамырға, ал сондай-ақ 2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан бейсенбі 8 мамырға ауыстырылды, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы хабарлады.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов "Демалыс күндерін ауыстыру туралы" Үкімет Қаулысына қол қойды.

Жұмысшылардың демалысына қолайлы жағдайлар туғызу үшін және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында демалыс күндері 2014 жылғы жексенбі 4 мамырдан жұма 2 мамырға, ал сондай-ақ 2014 жылғы жексенбі 11 мамырдан бейсенбі 8 мамырға ауыстырылды, деп ҚР Премьер-Министрінің ресми порталы хабарлады.

ҚР Қаулысына сәйкес еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен қамтылған ұйымдарға, қажетті өнімдер шығару, қаржылық саланы қосқанда қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып 2014 жылғы 2 және 8 мамыр күндері жұмыс істеуге құқық беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны