15.07.2009, 18:41 2798

ҚР ҰҚК ағымдағы жылы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 230-дан астам қылмыстық іс қозғады

ҚР ҰҚК ағымдағы жылы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 230-дан астам қылмыстық іс қозғады

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК ағымдағы жылы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 230-дан астам қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы бүгін ҚР ҰҚК-нің экономикалық қауіпсіздік департаментінің төрағасы Өсер Мизанбаев сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі бойынша ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінде өткізілген кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Тек ағымдағы жылы біз экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 230-дан астам қылмыстық іс қозғадық, оның 113-і сыбайлас жемқорлық желісі бойынша қозғалды. Экономика саласында шамамен 300-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы әшкереленді", - деді Ө. Мизанбаев.

Бұған қоса, оның айтуынша, 2008 жылы және ағымдағы жылдың алты айында кеден қызметкерлерінің үстінен 70 жуық қылмыстық іс қозғалды, соның ішінде 54 іс - сыбайлас жемқорлыққа жатады.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ағымдағы жылы салық органы қызметкерлерінің үстінен 24 қылмыстық іс қозғалып, 41 сыбайлас жемқорлық қылмысының беті ашылды.

"Бір жарым жылда біз жер қатынастары саласында 31 қылмыстық іс қозғадық, жүзден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары әшкереленді", -деді Ө. Мизанбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны