27.06.2007, 14:42 2823

ҚР ҰҚК қазақстандық ғалымдармен белсенді ынтымақтастық орнатпақшы - ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары

АСТАНА. 27-маусым. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бірқатар проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қазақстандық ғалымдармен белсенді ынтымақтастық орнатпақшы. Бұл туралы бүгін ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко журналистерге берген сұхбатында пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тәжірибе мен оны іс жүзінде қолдану жайын шоғырландыра отырып және арнаулы қызмет айқындаған проблемаларды ой елегінен өткізу арқылы ғылым саласы бізге қазіргі даму кезеңінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қандай мәселелеріне басымдық беру керектігі, қандай бағытта алға жылжу қажеттігі жайында, жаһандану ахуалында және Қазастанрның әлемдегі алатын ролі мен орны арта түскен жағдайда бізді не күтіп тұрғаны туралы нақты нұсқаулар беруге тиіс",- деді В.Божко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны