16.07.2009, 15:09 2714

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекеттік шекара маңынан табылған есірткілік өсімдіктер плантациясын жойды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекеттік шекара маңынан табылған есірткілік өсімдіктер плантациясын жойды

Астана. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының қызметкерлері мемлекеттік шекара маңынан табылған есірткілік өсімдіктер плантациясын жойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР ҰҚК баспасөз қызетіне сілтеме жасап.

"16 шілдеде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Оңтүстік" өңірлік басқармасының қызметкерлері Қызылорда облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп өсімдіктер плантациясын жойды", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кендіршөп алаңы мемлекеттік шекара маңынан табылған. "Бір жарым гектар жерде 10 мың түп өсімдік өсірілген, одан бір тоннаға жуық марихуана алынар еді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны