08.08.2006, 12:54 2906

ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы қызметкерінің үстінен пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК Павлодар облыстық департаментінің қызметкерлері қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасының бас ревизор-бақылаушысының үстінен кәсіпкерден пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Мекеменің түсініктемесіне сәйкес, мемлекеттік қызметкер жеке кәсіпкерден мемлекеттік несие қаражатын мақсатты пайдалану барысын тексеру қорытындысы бойынша оң шешім шығарып беру үшін 500 мың теңге талап еткен.

Шенеунік пәренің бір бөлігі болып табылатын 10 мың теңгені алып жатқан сәтте қолға түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны