28.12.2016, 20:51 4726

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетініӊ бұрынғы басшысы "Мемлекеттік құпияларды жария ету" күдігі бойынша ұсталды

Хабарламаға сәйкес, көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексініӊ 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамалды.

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік органдардыӊ бірқатар лауазымдық тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ ҰҚК баспасөз қызметі.

"Жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдыӊ 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық кодексі 185-бабыныӊ 3-бөлімінде ("Мемлекеттік құпияларды жария ету") және 362-бабыныӊ 3-бөлімінде ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану") көзделген қылмыстарды жасауға күдіктілігі бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталды",- делінген баспасөз қызметініӊ ақпаратында.

Хабарламаға сәйкес, көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексініӊ 128-бабына сәйкес ҰҚК Тергеу изоляторына қамалды.

"Күдіктілердіӊ және олардыӊ туыстарыныӊ тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер жүргізілді, заттай дәлелдемелер алынды",- деп хабарлайды мекеме.

Тергеп-тексеру жалғастырылуда, оныӊ барысы және нәтижелері туралы қосымша хабарланады,- делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны