05.08.2008, 17:29 2568

ҚР Иуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды

ҚР Иуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Иуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірі сотталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Талдықорған гарнизонының әскери соты ҚР Иуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшелері командирлерінің бірін ҚР ҚК 176-шы (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе талан-таражға салу) және 314-ші (қызметтік жалғандық) баптарында қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен, 3 жыл мерзімге әкімшілік және шаруашылық іс-қимылмен байланысты мемлекеттік қызметке лауазымға тұру құқынан айырумен 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлімше командиріне қатысты қылмыстық іс ҚР ҰҚК әскери қарсы барлау органдарының оның 1,5 млн. теңгеден астам сеніп тапсырылған материалдық қаражатты талан-таражға салу дерегі бойынша материалдары негізінде қозғалған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны