23.06.2015, 17:08 3771

ҚР вице-премьері Б.Сапарбаев өзіне өзі қол жұмсаудыӊ алдын алу мәселелері жөнінде кеӊес өткізді

Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев өзіне өзі қол жұмсау әрекетініӊ алдын алу және кәмелетке толмағандардыӊ жыныстық дербес құқықтылығына қарсы қылмыстарды ескерту мәселелері бойынша селекторлық кеӊес өткізді

Астана. 23 Маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Бердібек Сапарбаев өзіне өзі қол жұмсау әрекетініӊ алдын алу және кәмелетке толмағандардыӊ жыныстық дербес құқықтылығына қарсы қылмыстарды ескерту мәселелері бойынша селекторлық кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мемлекет басшысы жасөспірімдер арасындағы өзіне өзі қол жұмсаудыӊ және балаларға қатысты сексуалды сипаттағы қылмыстардыӊ алдын алу бойынша сәйкес шаралар қабылдауды тапсырды. Сондықтан, бізге осы бағыттағы жұмысты қайта қарап, жандандыру қажет", - деді Б.Сапарбаев.

Аталған саланыӊ негізгі проблемаларыныӊ ішінде вице-премьер мемлекеттік органдардыӊ үйлесімді жүйелі жұмысыныӊ жоқтығын, мектеп басшылығыныӊ, ата-аналар комитетініӊ және кәмелетке толмағандардыӊ істері жөніндегі бөлімдердіӊ өзара іс-қимылы деӊгейініӊ төмендігін, кәмелетке толмағандар мен жастарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартудыӊ төмен деӊгейін атап өтті, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Талдау көрсеткендей, қайғылы оқиғалардыӊ орын алуыныӊ бір себебі ата-аналар тарапынан балаларға дұрыстап қарамау болып табылады. Сондықтан, ересектер өз балаларына барынша көӊіл бөлгендері жөн", - деп баса айтты Б.Сапарбаев.

Кеӊес барысында талқыланған тақырып бойынша Бас прокуратура, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Иділет министрлігі, Инвсетициялар және даму министрлігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өкілдері баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша вице-премьер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, ДСИДМ 2015-2020 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар мен жастар арасында өзіне өзі қол жұмсаудыӊ алдын алудыӊ қосымша ұйымдастыру және тәжірибелік шаралар кешінін жасауы, БҒМ, ІІМ-мен бірге өзіне өзі қол жұмсау әрекеті қаупі бар кәмелетке толмағандарға көмек көрсету алгоритмін жасап, бекітуі тиіс.

БҒМ-не ЮНИСЕФ-тіӊ көмегімен өзіне өзі қол жұмсау қаупін және психикалық жағдайына қатысты проблемаларды анықтау үшін әдістемелік құрал мен сауалнама әзірлеу тапсырылды.

ІІМ сексуалды-зорлау іс-әрекеті үшін сотталған тұлғаларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын енгізу, сондай-ақ қоғамды олардыӊ тұратын жері туралы ақпараттандыру мүмкіндігімен Жалпыұлттық сексуалды қылмыскерлердіӊ мәліметтер базасын құру бойынша ұсыныстар жасауы тиіс.

ИДМ-ге қатыгездік, зорлық-зомбылық және кәмелетке толмағандардыӊ психикалық-эмоциялық жағдайына әсер ететін басқа да жағымсыз іс-әрекеттерді насихаттайтын сайттарды мониторингілеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернеттегі құқыққа қайшы контенттіӊ таралуыныӊ алдын кесу бойынша жұмысты күшейту тапсырылды.

Облыстардыӊ, Астана және Алматы қалаларыныӊ әкімдіктері мектептерді психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, медициналық қызметкерлермен және мектеп инспекторларымен толығымен толымдауы тиіс.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны