26.12.2013, 19:22 3444

ҚР Жоғарғы сотының жаңа судьялары тағайындалды

Сенаторлар Жоғарғы сот судьясы ретінде Лаура Ағыбаева, Елена Ақмолдаева, Ирина Калашникова, Маргарита Одинцова, Амангелді Сәрсенбаевты сайлады. Жаңадан сайланған судьялар Сенат алдында ант қабылдады.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. ҚР Парламенті Сенаты пленарлық отырыста ҚР Президентінің ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босату және сайлау туралы қаулы қабылдады.

Сенаторлар Жоғарғы сот судьясы ретінде Лаура Ағыбаева, Елена Ақмолдаева, Ирина Калашникова, Маргарита Одинцова, Амангелді Сәрсенбаевты сайлады. Жаңадан сайланған судьялар Сенат алдында ант қабылдады.

"Ұсынылған үміткерлер дайындығы мен тәжірибелері мол мамандар. Олардың сот қызметінде 10 жылдан 27 жылға дейін еңбек өтілі бар", -деді ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Бектас Бақназаров.

Сондай-ақ пленарлық отырыста сенаторлар Жоғарғы соттың судьялары Анатолий Линник, Раушан Нұртай мен Гүлнәр Рыспекованы лауазымдарынан босату туралы қаулы қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны