15.01.2014, 19:19 5133

ҚР-да 2013 жылы халық саны 236 мың адамға көбейді

2013 жылдың 1 желтоқсаны бойынша халық саны 17 млн 145 мың адамды құрады, бұл аталмыш жылдың бастапқы айларымен салыстырғанда 236 мың адамға, яғни 1,4% өсті. Бұл туралы ҚР-ның 2013 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысының брифингінде ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Алихан Смайылов мәлімдеді.

Алматы. 15 қаңтар. Kazakhstan today. 2013 жылдың 1 желтоқсаны бойынша халық саны 17 млн 145 мың адамды құрады, бұл аталмыш жылдың бастапқы айларымен салыстырғанда 236 мың адамға, яғни 1,4% өсті. Бұл туралы ҚР-ның 2013 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысының брифингінде ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Алихан Смайылов мәлімдеді.

"АЖАТ органдары 2013 жылдың 11 айы бойынша 363 мың туу тіркелген. Ол 2012 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырғанда на 2,4% есеге жоғары, ал өлім-жітім саны 126 мыңды құрады, ол өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға кем", - деді А. Смайылов.

Аталмыш аралықта қайтыс болғандар саны 126, 7 мың адамды құрады. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмен. 1 жасқа дейін көз жұмған сәбилердің саны 15,5 пайызға қысқарды.

Ведомство басшысы атап өткендей, халық саны көші-қон ағымына да байланысты болады. 2013 жылдың 11 айы бойынша Қазақстанға келушілер саны 16,6 пайызға қысқарып, 22,1 мың адамды құрады. Сондай-ақ, Қазақстаннан шыққан адам саны 22,6 мың адамды құрады. Ол өткен жылмен салыстырғанда 19,2 пайызға төмен.

"Бізде көші-қон дәрежесі 0 маңайында, демек, келушілер мен кетушілер саны бірдей. Сондай-ақ, бұл екі көрсеткіш жыл сайын төмендеп келеді. Бұл, біріншіден Қазақстаннан кетушілер саны қысқарып жатқандығы, өмір сүру деңгейі жақсаруда. Сондықтан да, кетушілер саны азаюда",- деді А. Смайылов.

Сонымен қатар, Астана, Алматы, Маңғыстау облысы және Павлодар облысына келушілер саны көбеюде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны